Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттығына сайланған азаматтардың тізімін жариялады. Кешегі сайлауда 38 кандидат тіркеліп соның 16-сы басым дауыспен жеңіске жетті. Барлық облыстан және Алматы мен Астана қаласы бойынша бір-бір адамнан Сенат депутаты анықталды. Осыған байланысты бүгін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарып, оны комиссияның барлық мүшесі бірауыздан қолдады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат сайлауының қорытындысы жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67543/)