Қазақстанның жаңа Кеден кодексі еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды. Жаңа құжатта кедендік рәсімдеуді жеңілдететін 5 маңызды бөлім бар. Олар әсіресе, бизнес қауымдастығы үшін тиімді. Кеден бекеттерінде жұмысты жеңілдететін жаңа технологиялар орнатылады. Оның арқасында декларациялау үрдісі 1 тәуліктен 4 сағатқа дейін қысқарады. «Шекарадан өтетін тауар көлемі бірнеше есеге артады», - дейді министрліктегілер.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кеден бекеттерінде жұмысты жеңілдететін жаңа технологиялар орнатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67599/)