Мемлекет басшысы «Өскемен титан-магний комбинатының» басшылық құрамын қабылдады. Президентке кәсіпорынның соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған істерге оң бағасын беріп, шетелдік компаниялармен бірге жұмысты одан әрі жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды дамыту керектігіне тоқталды. Кездесуде акционерлік қоғамның оңтүстіккореялық «Поско» компаниясымен ортақ жобаны іске асырып жатқандығы айтылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент «Өскемен титан-магний комбинатының» басшылығын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67600/)