Татарстан Жетісу арқылы Қытай нарығына шығуды көздейді. Бұл туралы Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов айтты. Бұл сапар Жетісу өңірі мен Татарстанның өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамыту жоспары аясында жүзеге асуда. Облыс әкімі Амандық Баталов Татарстан Президентіне Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» халықаралық ынтымақтастық орталығын таныстырды. Биыл орталық аумағына 4,5 млн. адам кіріп-шығады деп күтілуде. Ал, «Қорғас» шығыс қақпасы еркін экономикалық аймағынан 8 айда 110 мың контейнер өтті. Татарстан келешекте Жетісу жерінде бірқатар инвестициялық жобаларды іске асырмақ ниетте.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Татарстан Жетісу арқылы Қытай нарығына шықпақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67610/)