![АИ-92 бензині 15 пайызға қымбаттауы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75200.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде АИ - 92 бензинінің бағасы 15 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бүгін «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» Акционерлік қоғамының өкілдері аталған маркалы бензиннің тапшылығына байланысты осындай пікір білдірді.
Белгілі болғандай, АИ - 92 бензинінің 30 пайызы бізге Ресейден жеткізіледі. Дегенмен, қазір көрші мемлекеттің мұнай өндіру зауыттарының бірінде апатты жағдай болған. Соның салдарынан, бензиннің бағасы бірден қымбаттап кеткен.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АИ-92 бензині 15 пайызға қымбаттауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6762/)