Қазақстан автомобиль жолдарын дамыту және реконструкциялау бойынша шығындарды тиімді басқаратын болды. Мәселен, «Шетпе-Ақтау» жобасы бойынша үнемделген қаражат есебінен Маңғыстау облысындағы ұзындығы 73 шақырым «Жетібай-Жаңаөзен» жол учаскесі жөнделмек. Бұл туралы Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында белгілі болды. «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралған жиында көлікке жәрдемдесу саласындағы шараларды жақсартуға бағдарланған көлік саясатын қалыптастыру мәселелері де қаралды. Құжат Палата қарауына жіберілді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықаралық құжат қаралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67686/)