Бүгін Үкімет отырысында құжат бірауыздан мақұлданды. Жаңа жоспар бұған дейін қолданыста болған 2020 құжатының орнына қабылданды. Стратегиялық жоспарға сәйкес, еліміздің экономикалық өсімінің жаңа моделі пайда болады. Олар негізгі 3 драйвер бойынша іске асады. Үкімет технологиялық жаңару, экспортқа шығатын өнімдердің көлемін арттыру, жаңа индустрияландыруға баса мән беріп отыр. Құжаттағы жоспарлар уақытылы жүзеге асса, 2025 жылға дейін халықтың әлеуметтік әл-ауқаты бірнеше есе жақсарып, еліміз дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Стратегиялық жоспар Қаақстанның 2025 жылға дейінгі дамуын айқындайды. Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіруге, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізуге бағытталған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекіді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67726/)