Бұл шешім Мәскеу қаласында өткен Каспий жағалауы елдері Сыртқы істер министрлерінің 7-ші отырысында қабылданды. Осылайша, 20 жылдан бері талқыланып келе жатқан Каспийдің мәртебесі туралы күрделі мәселе көп кешікпей шешілуі мүмкін. Ол үшін келер жылы біздің елде өтетін 5-ші Каспий саммитінде Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран Президенттері бұл конвенцияны түпкілікті бекітуі тиіс. Сонымен қатар, Мәскеудегі кездесуде 5 мемлекеттің сыртқы саяси ведомство басшылары Каспий өңіріндегі қауіпсіздік, тұрақтылық және әлеуметтік – экономикалық даму мәселелерін қамтитын түрлі саладағы ынтымақтастық жайын да пысықтады.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы бойынша біз бүгін келісімдерге қол жеткіздік. Каспий жағалауы елдері басшыларының 5-ші саммиті Қазақстанда ұйымдастырылатыны жөнінде бүгін уағдаластыққа жетіп отырмыз. Жақын арада сарапшылар осы Каспий конвенциясы мәтінін дайындау бойынша өздерінің техникалық жұмыстарын жалғастырады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы келісілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67731/)