Бүгін қос елдің басшысы телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Екі ел Президенті биылғы жылдың 2 желтоқсанында Астанада қазақ пен қырғыз Үкіметтері бекіткен Жол картасының жүйелі жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті. Осы мәселеге қатысты Сооронбай Жээнбеков шекарадағы күшейтілген бақылаудың алынуы мен қазақ-қырғыз шекарасының қалыпты режимге көшкені үшін Қазақ басшысына алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков сондай-ақ, алдағы кездесу кестесін, соның ішінде Қырғыз президентінің Қазақстанға сапарын қарастырды. Телефон арқылы болған әңгіме қырғыз тарапының бастамасымен өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67734/)