Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті. Мемлекет басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапары және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер сөз болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67769/)