Басымдық нарықта сұраныс бар техникалық мамандықтарға берілмек. «Білім беруді әлемдік стандарттарға теңестіру кезінде оқушылар мен студенттерге жасалатын жағдайды жақсарту ерекше назарда болу керек», - деді Елбасы. «Бүгінде шеттен келіп оқитын студенттер қала сыртындағы арзан үйлерді жалдап тұруға мәжбүр. Бұл білім сапасына кері әсер етеді. Сондықтан, тәлімгерлер толықтай жатақханамен қамтылуы керек», - деді Президент. Бұл орайда мемлекет бюджетіне ауыртпалық түсірмей, мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі қағидаты қолданылады. Бұл кәсіпкерлерге де, мемлекетке де, жоғары оқу орындарына да тиімді болмақ.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2018-2019 оқу жылдарында жоғары оқу орындарына қосымша 20 мың грант бөлінеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67800/)