Сенат төрағасы Халықаралық көші-қон ұйымының басшысы Уильям Лэйси Свингті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы және дүниежүзіндегі көші-қон үдерістерін реттеу жөніндегі міндеттерді шешуде бұл ұйымының маңызы зор екенін атап өтті. «Көші-қон мәселелерін реттеу таяу уақытта Қазақстанның күн тәртібіндегі басты мәселелердің қатарында болады», - деді. Жоғары палата спикері Қазақстан қауіпсіз және реттелетін көші-қон туралы жаһандық шартты әзірлеуді қолдайтынын және келіссөз үдерістеріне белсенді қатысатынын атап өтті.
Индира БЕГАЙДАР
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық көші-қон ұйымының басшысын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67843/)