Еліміздің Ішкі Істер министрі ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің Ішкі Істер министрі ауысты

12.02.2019

8 жылдай осы лауазымда болған Қалмұханбет Қасымов Мемлекет басшысының Жарлығымен «Президент көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы» қызметіне тағайындалды. Ал, Қасымовты бұған дейін оның орынбасары болып келген Ерлан Тұрғынбаев алмастырды. Полиция генерал-майоры Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы Алматыда туған. Заңгер, еңбек жолын 1984 жылы бастаған. Бұған дейін Алматының  қалалық ІІД-де, Алатау және Калинин аудандық құрылымдарында, Ішкі Істер министрлігінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу