Осыған орай арнайы жұмысшы топ құрылды. Қазір олар бағдарламаның тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Облыс бойынша 28 мың адам пәтер кезегінде тұрса, соның 2041-і көп балалы отбасы. Өңірде былтырдан бері әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін «Орда» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол арқылы арнайы категориядағы отбасылар алғашқы төлемсіз-ақ баспаналы бола алады. Ол үшін облыстық бюджеттен жыл сайын 2 миллиард теңге қаржы бөлінуде. Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде қазір 18 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту үшін өңірлік бағдарлама әзірленіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/68043/)