Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласына қатысты жұмысты үдете түсуді тапсырды. Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанда осы уақытқа дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 3 трлн теңгеге жуық 1300 жоба іске асқан. Ең ауқымды жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық, білім беру, денсаулық сақтау секторларында іске асырылған.
Дейтұрғанмен, арқаны кеңге салуға ерте. Асқар Маминнің ойынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әлеуеті толығымен жүзеге асырылмаған.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
- Біріншіден, бүгінгі баяндамашылар жобалардың сапасы бойынша мәселе көтерді. Осыған байланысты өңірлерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қарау кезінде бюджеттен шығындарды азайтатын жобаларға назар аударуды тапсырамын.
Ғабит БӨКЕНБАЙ