Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына сайлануымен Пан Ги Мун құттықтады.
БҰҰ 8-ші Бас хатшысы жіберген жеделхатта «Қазақстан қазіргі уақытта орнықты дамуы мен инклюзивті өсімін айқын көрсетіп келе жатқан бірегей мемлекет» деп баға берілген.
Сондай-ақ, Пан Ги Мун мемлекет басшысының БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарған кездегі жұмысы мен дипломатиялық тәжірибесін атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы қабілеттері Қазақстанды өркендетуге септігін тигізетініне сенім білдірген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/68181/)