ҚР Парламенті Сенатының депутаттары БҚО-да бірқатар өндіріс орнын аралап, ұжымдармен кездесті. Сапардың мақсаты - аймақтарды аралап, көпшілікті мазалаған мәселелерге мән беру, қоғамның, экономиканың дамуына тежеу болып отырған тұстарды анықтау.
Мәселен, Орал трансформатор зауыты - өз өнімінің 90 пайызын шетелге экспорттайтын іргелі кәсіпорын. Компанияда өндіріске қажет кадр әзірлеу - басым бағыттың бірі. Сондықтан жергілікті колледждермен тағыз қарым-қатынас орнатылған.
Сондай-ақ, сенаторлар үй құрылысы комбинатында болып, мекеменің жұмысымен танысты.
Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Комбинаттың бір пайдасы - бұл жылдам тұрғын үйлерді тұрғызады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге үлкен көмегі бар.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат депутаттары БҚО-дағы бірқатар өндіріс орнын аралады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/68197/)