Д.Русеф: Біз Әлем чемпионатына дайынбыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Русеф: Біз Әлем чемпионатына дайынбыз

03.06.2014
Д.Русеф: Біз Әлем чемпионатына дайынбыз
Бразилия президенті Дильма Русеффтің мәлімдеуінше, Бразилия футболдан Әлем чемпионатына әзір. Бұл туралы ол ФИФА президенті Зепп Блаттермен кездесуі барысында жариялаған.
 
Русеффтің сөзіне қарағанда, осы кезде стадиондар дайын. Бұдан бөлек, ол қонақтар мен спортшылардың қауіпсіздігі де ескерілгені мәлімдеді.
 
«Бразилия Әлем чемпионатын қабылдауға дайын. Кубок өз үйінде қалады, өйткені, Бразилия – футбол үйі. Елімізге келген адамды жақсы қарсы алуға тырысамыз. Себебі, біз өте қонақжай және бақытты халықпыз», -деді президент.
 
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу