![Гуманоидтік роботтар келесі жылдан бастап сатылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31464.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өнертапқыштардың сөзіне сенсек, мұндай гуманоидтар үй шаруасында өте пайдалы. Оның құны - 1900 доллар болмақ.
Жаңа робот науқас адамға қарап, бала бағып, дәрігерлік жәрдем көрсетеді, тіпті, иесінің досы да бола алады. Сондай-ақ, ол білім алып, өз сезімдерін білдіруге де қауқарлы.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, механикалық адам осы аптада Жапонияда «SoftBank» байланыс салондарында пайда болып, дүкен клиенттеріне қызмет көрсете бастайды.
Мадина МҰҚАНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гуманоидтік роботтар келесі жылдан бастап сатылады &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/68246/)