![Үндістанда суға кеткен 24 студент іздестірілуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31448.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тағы бесеуінің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға бүгін елдің солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында болды.
Қазір жоғалғандарды іздеу операциясы жалғасып жатыр. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, студенттер өзенге жеткенде, дамба ашылып кеткен.
Апаттан аман қалғандардың айтуынша, су жағасында ешқандай ескерту белгісі болмаған.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда суға кеткен 24 студент іздестірілуде &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/68262/)