![Сидней әуежайында электр жүйесі істен шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31433.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұшақ күткендердің дені – ішкі рейстерге билет алғандар.
Техникалық келеңсіздік екінші терминалда болған. Оның кесірінен жүк рәсімдеу, жолаушыларды тіркеу жұмысы тоқтап қалды. Сондай-ақ, қауіпсіздік қызметінің жұмысында да іркіліс байқалған.
Қазір мамандар терминалдың энергия жүйесін қалпына келтіріп жатыр.
Дегенмен, әуежайдың қашан толыққанды қызметке кірісетіні әзірге белгісіз.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сидней әуежайында электр жүйесі істен шықты &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/68401/)