![Кәсіпкерлер Қызылжарда бас қосты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75240.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бизнес-идеяларды нарыққа жылжыту. Қызылжарда бас қосқан кәсіпкерлер мен ғылым өкілдері осы тақырыпта пікір алмасты.
Семинарды ұйымдастырушы - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Технологияларды коммерцияландыру орталығы».
Екі күндік кездесу барысында жиынға қатысушыларға технологияларды әзірлеу барысында одан пайда түсіру тетіктері көрсетілді.
Мақсат - кәсіпкерлер мен жас ғалымдарды ынталандырып, жаңа жобалардың жүзеге асырылуына жағдай жасау.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәсіпкерлер Қызылжарда бас қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6841/)