![Еуразиялық экономикалық одақ зауыттардың жұмысына тың серпін берді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75241.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтады және кәсіпорындардың жұмысына оң ықпалын тигізеді.
Шығыс Қазақстан облысындағы шарлы шүмектер шығаратын зауыт қызметкерлерінің пікірі - осындай.
Өскеменде орналасқан кәсіпорынды осыдан 2 жыл бұрын Индустрияландыру картасы аясында Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері бірлесіп ашқан.
Қазір зауытта 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Алдағы 2 жылда зауыт толық қуатында жұмыс істей бастайды, деп жоспарланған.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуразиялық экономикалық одақ зауыттардың жұмысына тың серпін берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6843/)