![Қызылжарда сыйымдылығы 120 мың тонна астық сақтау элеваторы жаңартылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75264.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ірі элеваторды қолданысқа берілуі өңірдегі егін орағымен тұспа-тұс келіп отыр. Сыйымдылығы 120 мың тоннаны құрайтын бұл кәсіпорынның болашағы зор, дейді мамандар.
Элеватор сағатына 600 тонна астық қабылдап, кептіре алады. Ал ең басты ерекшелігі – энергия үнемдеу жүйесінде.
Күн сәулесінен қуат алатын батареялар электр жарығына жұмсалатын шығынды 3-4 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жалпы аумағы 15 гектар алқапты алып жатқан элеватордың құны 8 миллиард теңгені құрайды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылжарда сыйымдылығы 120 мың тонна астық сақтау элеваторы жаңартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6886/)