![Зырян қаласында әлеуметтік дүкен ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75288.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында әлеуметтік дүкен ашылды. Онда осы өңірдегі шаруа қожалықтарының өнімдері тұтынушыларға арзан бағамен сатылады. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер бүгінде алғашқы өнімдерін саудаға шығаруда.
Қазір бұл жерде 4 несиелік серіктестіктің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылуда. Ет, сүт, өсімдік майы, бал және көкөністер бағасы, өзге жерлермен салыстырғанда, 15-20 пайыз арзан.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зырян қаласында әлеуметтік дүкен ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6935/)