![Volkswagen өз тұтынушыларына 5 мың доллардан өтемақы төлеуі мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_24864.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
![Volkswagen өз тұтынушыларына 5 мың доллардан өтемақы төлеуі мүмкін Volkswagen өз тұтынушыларына 5 мың доллардан өтемақы төлеуі мүмкін](http://kaznews.kaztrk.kz/uploads/posts/2016-04/1461228872_vw-logo-3_3457184a.jpg)
Неміс концерні өздері шығарған көліктерге қатысты дауды реттеген сыңайлы. АҚШ билігімен келісімге келген компания даулы көлік маркасын алған әр тұтынушыға 5 мың доллар төлейтін болды.
Volkswagen-нің АҚШ нарығына шығарған дизель қозғалтқышы бар көліктерінің қоршаған ортаға зиян тигізетіні анықталған еді. Бұл көліктерге орнатылған құрылғының қозғалтқыштан шыққан газдың мөлшерін азайтып көрcететіні белгілі болған. Нәтижесінде компания үлкен дау-дамайға ұрынған болатын.
Reuters агенттігінің хабарлауына қарағанда АҚШ нарығына неміс концерні осы дауға себеп болған қозғалтқышы бар 600 мың машина сатқан көрінеді. Бұл көліктерге иелік еткен әрбір тұтынушыға концерн 5 мың доллардан өтемақы береді. Осылайша, концернің қулығы ұзаққа бармай отыр. Өтемақының жалпы құны 3 млрд долларды құрап отыр. Дегенмен, Volkswagen осы өтемақыдан кейін өзге айыппұл төлемеуі де мүмкін.

Kaznews.kaztrk.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Volkswagen өз тұтынушыларына 5 мың доллардан өтемақы төлеуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/69386/)