![Солтүстік Корея орта қашықтықтағы екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1314.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Солтүстік Корея орта қашықтықтағы екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 6-да жіберілген бірінші «Мусудан» ракетасы, көп ұзамай ауада жарылып кеткен. Ал, екінші зымыран - 400 шақырым қашықтықты ұшып өткеннен кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Пхеньянның 3 мың шақырым қашықтықтағы нысандарға дәлдеп тиетін «Мусудандарды» ұшыруын Оңтүстік Корея және АҚШ әскерилері растап отыр. Солтүстік Кореяда осындай 30-дан астам зымыран бар екені белгілі. Пхеньянның баллистикалық ракеталарды аттандыруына орай, Жапонияның қарулы күштері әскери дайындыққа көшіп, елге бағыт алған әуедегі кез-келген нысанды атып түсіруге бұйрық алды.
А.ТӨЛЕГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Корея орта қашықтықтағы екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/69557/)