![Имад Хамис Сирияның премьер-министрі болып тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1357.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сирия президенті Башар Асад Имад Хамиске республиканың жаңа үкіметін құруды тапсырды. Бұл туралы САНА ақпараттық агенттігі хабарлады.
Хамис Имад Ваиль аль-Хальки басқарған үкіметте Энергетика министрі болған. Ол үкіметтегі ең танымал шенеуніктердің бірі, деп жазды ТАСС.
Ваиль аль-Хальки бұл қызметке екі рет - 2012 жылы тамыз айында және 2014 жылдың тамызында тағайындалған.
Сарапшылар аль-Халькидің отставкаға кетуін мұнай өніміне қатысты соңғы бағаның көтерілуі төңірегіндегі қоғам наразылығымен байланыстырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Имад Хамис Сирияның премьер-министрі болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/69559/)