![Варшавада қауіпсіздік шаралары күшейтілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2539.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең Польша астанасында НАТО-ның саммиті ашылады. Сондықтан, Варшавада қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтіліп отыр. Үкімет өкілдерінің мәліметіне қарағанда, алдағы екі күнде қаланың тәртібін 6 мыңнан астам полицей мен жауынгер қадағалайды.
Ал, Парламент антитеррористік заңды қатаңдатып, қауіпсіздік күштеріне шетел азаматтарын жақыннан бақылауға, күдіктілерді айып тағусыз ұзақ қамауға рұқсат берді.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Варшавада қауіпсіздік шаралары күшейтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/69573/)