![Қазақстан Мәскеуге киім-кешек жібереді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75303.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көп кешікпей Қазақстанда тігілген киім-кешек өнімдері Мәскеу қаласында сатыла бастайды. Отандық кәсіпкерлер Ресей астанасында өткен халықаралық жеңілөнеркәсіп өнімдерінің көрмесінде осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Көрмеге әлемнің 42 мемлекетінен 2500 компания қатысты.
Көрмеге елімізден барлығы 7 компания келді. Саны аз болғанымен, бәрі де сапалы кәсіпорындар. Шығарған өнімдері кез келген нарықтың бәсекесіне төтеп береді. Мәскеуде олар 20-дан аса нақты келісімшарттарға қол қойды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Мәскеуге киім-кешек жібереді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6965/)