![Солтүстік Қазақстанда жаңа агрегат мұнай өндірушіге жол тартты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75304.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Петропавл ауыр машина жасау зауыты мұнай өндіру бұрғыларын жөндейтін жаңа агрегат жасап шығарды. 3 мың метр тереңдікке бойлай алатын қондырғының қуаттылығы да жоғары.
Құрылғы 100 тоннаға дейін жүкті көтере алады. Қондырғыны таныстыру рәсімі машина жасаушылар күніне тұспа-тұс келді. Сондықтан әрбір жаңа өнімнің өндіріске қосылуын мерекеге айналдыратын зауыт басшылығы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерді марапаттап, арнайы сыйлықтар табыс етті.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда жаңа агрегат мұнай өндірушіге жол тартты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6967/)