Түркияда тұтқындалған өзбекстандық Жаңа жыл мерекесінде Стамбулда түнгі клубқа шабуыл жасағанын мойындады. Мұны осы қаланың губернаторы Васип Шахин бүгін мәлімдеді. Оның сөзінше, күдікті Әбдулқадыр Машарипов – Өзбекстан азаматы. Ол Ауғанстанда дайындықтан өткен. Ал, Түркияға 2016 жылы қаңтарда заңсыз барған. Машариповпен бірге Ирак азаматы және үш әйел тұтқындалды.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда тұтқындалған өзбекстандық түнгі клубқа шабуыл жасағанын мойындады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/69916/)