![Министр бензинді үнемдеу жолдарын ұсынды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75332.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Құрметті көрермен, бензин мәселесіне келгенде үнемшіл болайықшы. Энергетика министрі Владимир Школьниктің сөзінше, Шымкент мұнай өнімдері зауытын тоқтатпау керек. Одан бөлек, тағы 3 зауытты жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Себебі қазір елімізге 1 миллиондай тонна жанармай Ресейден келіп жатыр. Сондай-ақ, Школьник Каспий маңындағы ойпатта бірнеше миллиард тоннаға болжанып отырған ірі кен орны бар екенін және 2023 жылға қарай Қазақстан жылына 100 миллион тонна мұнай өндіретінін айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Министр бензинді үнемдеу жолдарын ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7019/)