Ливия жағалауында екі бірдей үрмелі қайық суға батып кетіп, 250 африкалық мигрант қаза тапты. Бұл туралы «Рейтерс» хабарлады. Құтқарушылар Жерорта теңізінен 5 адамның денесін шығарған. Қалғандары іздестіріліп жатыр.
Былтыр Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 363 мыңнан астам босқын барған. Ал, 5 мыңнан астам мигрант қауіпті жолда жан тәсілім етті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ливия жағалауында екі қайық суға батып, 250 мигрант қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70211/)