![Шымкентте кәсіпкерлерге арналған көрме ұйымдастырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75334.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкентте жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында арнайы көрме ұйымдастырылды. Сатып алушылар ретінде мемлекеттік және білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырушылар көрмеден азық-түлік пен киім-кешек, басқа да тұтыну тауарларын тамашалады. Соңынан кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен тауар өндірушілердің форумы өтті. Онда тараптар өзара пікір алмасты.
Айнұр АҚБАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте кәсіпкерлерге арналған көрме ұйымдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7023/)