Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй күтпеген мәлімдеме жасады. Ол қауымдар палатасын маусымның 8-де мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуге шақырмақ. Өйткені, қазіргі парламент корольдікті Еуропа одағынан шығаруға кедергі жасап отыр.
Айта кетсек, осыған дейінгі мәлімдемесінде Мэй 2020 жылға дейін сайлау өткізбейміз деп айтқан-ды. Бірақ, оппозициялық Лейбористік партия, Шотланд ұлттық партиясы және Либерал-демократтар «Брексит» туралы қорытынды келісімге қарсы дауыс беретіндіктерін ескертіп отыр.
Британ парламенті Мэйдің сайлау өткізу туралы ұсынысын ертеңгі күні дауысқа салады.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге шақырмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70247/)