Ауғанстан қорғаныс министрі Абдулла Хабиби отставкаға кетті. Сонымен қатар, армия штабының қолбасшысы Қадам Шахим да қызметінен босатылды. Олардың орындарынан кетуіне Мазари-Шарифтегі әскери базаға жасалған сұмдық шабуыл себеп. Жұма күні армияның униформасын киген он шақты тәліп база ауласына кіріп, асханада отырған және мешіттен шығып келе жатқан жауынгерлерге оқ жаудырды. 140-тан астам сарбаз мерт болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың саны 200-ге жуық. Қанды оқиғаға байланысты Ауғанстанда жексенбіде қаралы күн жарияланды.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауғанстан қорғаныс министрі отставкаға кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70255/)