Мексикада пиротехникалық қоймадағы жарылыстан 14 адам қаза тауып, 20 шақтысы жараланды. Қайғылы оқиға Сан-Исидо қаласында болған. Құрбандардың көбі 4 пен 15 жас арасындағы балалар. Жарылыстың себебі – мейрам қарсаңында ұйымдастырылған отшашудың қоймаға көктен түсуі. Жалпы, Мексикада мұндай жағдай жиі қайталанады. Мәселен, өткен жылы желтоқсанда Мехико штатында пиротехникалық зат сататын базар өртеніп, 30-дан аса бала қайтыс болған еді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мексикада пиротехникалық зауытта жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70283/)