Франсуа Олланд Францияның президенті ретінде соңғы рет министрлер кабинетін жинады. 62 жастағы Олландтың мемлекет басшылығындағы 5 жылдық қызметі осымен аяқталды. Ертең жаңадан сайланған басшы Эммануэль Макронға билікті өткізбек. Ал Макронның ресми түрде ел басқаруға кірісуі мамырдың 14-нен басталады. Естеріңізге салсақ, дүйсенбіде француздар Елисей сарайының жаңа қожайынын таңдаған еді. Оның нәтижесі бойынша, Макрон халықтың 66 пайыз қолдауына ие болды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Франсуа Олланд Францияның президенті ретінде соңғы рет министрлер кабинетін жинады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70285/)