Боливияда жаздың алғашқы күнінде күн суытып, қар жауды. Ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендеген. Мұндай суыққа ел тұрғындары соңғы жарты ғасырда алғаш рет куә болып отыр. Қыстың ызғары ел астанасы Ла-Паста да сезіледі. Осыған орай, әуежайда ішкі және сыртқы ұшақ бағыттарында ауытқулар болып, көлік қатынасы де шектелді. Метеорологтардың болжамынша, күн аптаның соңына таман жылиды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Боливияда жаздың алғашқы күнінде қар жауды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70315/)