Еуропада аптап ыстық. АҚШ-та сынап бағанасы +40 градусты көрсетіп тұр. Осыған орай, Аризона штатында 60-тан астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Ал, тұрғындарға далаға қажетсіз шықпай, көбірек су ішу туралы кеңес берілді.
Франция астанасында да күн шыжып тұр. Мұнда ауа температурасы +36 градус. Елдің 101 департаментінің 66-сында тұрғындарға ыстықтан қорғану қажеттігі айтылды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Парижде аптап ыстық&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70353/)