Пәкістанда Айт мерекесінде қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді. Сондықтан, мұсылмандар мешіттерге кірерде полицияның тексеруінен өтуі тиіс. Сақтық шараларының күшейтілуіне соңғы күндері шабуылдардың жиілеп кетуі себепші.
Мәселен, маусымның 23-де Парачинар қаласының базарында жарылған бомбадан 50-ге жуық адам мерт болды. Ал, кеше мұнай таситын апатқа ұшырап, 150-ден астам кісі қаза тапты. Сонымен қатар, солтүстік-батыстағы бір ауылда 6 бала бомбаға тап болып, жан тәсілім етті.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пәкістанда Айт мерекесінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70363/)