Сирияның оңтүстік-батысында уақытша ымыра күшіне енді. Атысты тоқтату режимін енгізу Гамбургте «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммитінде құпталған еді. Бұл бітім – Араб Республикасындағы азаматтық соғысты аяқтауға маңызды қадам деп есептелініп отыр. Оған сай, Сирияның Израиль және Иорданиямен шекарасындағы әскери қимылдары тоқтатылуы тиіс. Атыс доғарылған аймақтарға Дераа, Әл-Кунейтра мен Сувейда аудандары кіреді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сирияның оңтүстік-батысында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70397/)