Газа секторы «Хамас» исламшыл тобының қарамағына өткен 10 жылда өмір сүруге жарамсыз ауданға айналды. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялап отыр. Оның мәліметіне жүгінсек, Газада 2 миллиондай адам тұрады. Сол халықтың табысы төмендеп, денсаулығы нашарлап барады.
Сондай-ақ, анклав тұрғындары электр қуаты мен су тапшылығынан ылғи жапа шегіп келеді. Газалықтардың жағдайы «тез қиындап барады», - дейді халықаралық ұйым өкілдері.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ: Газа секторы өмір сүруге жарамсыз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70406/)