АҚШ-тың Аризона штатында су тасқыны кезінде 9 адам қаза тапты. Олар үздіксіз жауыннан кейін арнасынан тасыған өзенде жүзіп жүргенде құрдымға кеткен. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Құрбандардың екеуі – кішкентай бала. Іздеу-құтқару жұмыстарына тікұшақтар тартылған.
Жергілікті ауа райын бақылау жөніндегі ұлттық орталық су тасқыны қаупінің әлі де сейілмей отырғанын ескертті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та су тасқынынан 9 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70416/)