Бүгін Вьетнамда «Талас» деген тропикалық дауыл соғып, жауын құйып, елдің орталық провинцияларын топан су басты. Соңғы мәліметке қарағанда, 1 әйел үйінің шатыры құлағанда қаза тапқан. Сондай-ақ, көмір тиелген кемемен қоса 10 адам теңізге батып кетті. Олардың тағдыры әзірге белгісіз.
Мемлекет астанасы Ханойдың да көшелері өзенге айналды.
Айта кетсек, «Талас» - Вьетнамға биылдыққа соққы берген екінші тропикалық жел.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Вьетнамда елдің орталық провинцияларын су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70417/)