АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті бірнеше күннен бері дес бермей жатыр. Өрттен төнген қауіпке байланысты Йосемити ұлттық саябағының оңтүстік-батысындағы шағын елді мекендерден мыңдаған тұрғын көшірілді.
Сонымен қатар, 8 мың гектардай алқапты от шарпыған. Тілсіз жау тағы 1500-дей ғимаратқа қауіп төндіріп тұр. Ал, Марипоса қалашығында төтенше жағдай жарияланған. Өртті сөндіруге 8 мыңдай маман тартылып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та орман өртіне байланысты мыңдаған адам көшірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70426/)