Венесуэлада жаңа орган - Конституциялық ассамблеяға сайлау кезінде оппозициялық шерушілер мен полиция қақтығысты. 11 адам қаза тауып, ондағаны жараланған. Жүзден астам адам ұсталды.
Шерушілер президент Николас Мадуро құрған құрылтай жиналысы - Конституциялық ассамблеяға наразы. Бұл орган Венесуэланың негізгі заңын өзгертуге құқылы. Оппозицияның пікірінше, осы арқылы Мадуро билікті сақтап қалуды көздейді. Ал, президенттің өзі «Ассамблея бір-біріне қарсы тараптарды татуластырып, азаттық жанжалды басуға көмектеседі», деп есептейді. Мадуроның әрекеті өзге елдердің сынына ұшырады. АҚШ Венесуэланың мұнай индустриясына қарсы санкция жариялайтынын ескертіп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Венесуэлада үкіметке қарсы шеруде 11 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70455/)