Климаттың өзгеруі соңғы 30 жылда Үндістанда 60 мыңға жуық фермердің өз-өзіне қол жұмсауына себеп болған. Нақтырық айтсақ, қуаңшылық зардабына шыдамаған шаруалардың өмірмен қош айтысудан басқа амалдары қалмапты. Бұл жағдай арнайы зерттеу арқылы дәлелденіп отыр. Мысалы, АҚШ-тағы Калифорния университеті мамандарының бақылауынша, егістік шығып жатқанда ауа температурасы 1 градусқа көтерілсе, 67 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ал, жаңбыр жауса, дихандар арасында өлім 7 пайызға азайған. Фермерлер дәнді-дақылдардың қурап кетуінен бөлек, егістіктік үшін банктерден алған несиелерін өтей алмай да қиналады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда қуаңшылық кесірінен соңғы 30 жылда 59 мыңнан астам фермер өзіне қол салған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70460/)