Вьетнамның солтүстігінде төтенше жағдай. Елдің 4 провинциясында тасқын судан 26 тұрғын қаза тапқан. 15 адам із-түссіз жоғалып кетті. Жүздеген баспана шайылған. Сумен қамтамасыз ету жүйесі бұзылып, күріш және жеміс алқаптарына да зақым келді. Табиғи апаттан келген шығын мөлшері - 41 миллион доллар. Қазір тасқын кезінде істен шыққан инфрақұрылымдар жөндеуден өтіп жатыр.
Арай ТӨЕЛЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Вьетнамның солтүстігін су тасқыны жайлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/70476/)